Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылы «Мухаммед» бөбекжай — бақшасы» жеке мекемесі туралы мағлұмат.
Бөбекжай 2015 жылдың 02 желтоқсан айында “Мухаммед” бөбекжай -бақшасы” жеке мекемесі болып ашылған. Бөбекжай Түркістан облысы Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Айнабұлақ көшесі, нөмірі №5/9 үйде орналасқан.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі 100 балаға арналған, бір қабатты ғимарат. Бөбекжай бала-бақша қызметі үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бөбекжайда балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастырумен қатар жас ерешеліктерін ескере отырып, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау мақсатында 4 топ жұмыс жасайды. Ұйымдастырылған іс-әрекет және тәрбие жұмыстары 1 топта қазақ тілінде 3 топта орыс тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша тәрбиеленіп жатқан балалар тізімі 100 бала. Бөбекжайда жеті жабдықталған бөлмелер бар. Олар саз залы, меңгеруші, психолог кабинеті, медбике, асхана, кіржуу бөлмесі, қойма және азық-түліктерді сақтау бөлмелері жұмыс жүргізуге қолайланып жабдықталған. Бөбекжай аумағында саяжайлар, гүлбақтары мен ойын алаңдары мен қатар ертегі кейіпкерлері де бар.
Бөбекжай бала-бақшаның міндеті мен мақсаты
Бөбекжай бала-бақшаның басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым, іс-тәжірбие жетістіктері арқауында жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби жетілуіне бағытталған білім алуға қажетті жағдайларды қалыптастыру үшін балаларды оқыту және өндірістік шаруашылық іс-әрекетін білім беру саласында іске асыру болғандықтан оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында әр жаңа оқу жылында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бір жылға жұмыс жоспары құрылған. Топтарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқыту жүйелері қарастырылған. Барлық топтар жиһаздармен, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған сала бойынша көрнекі құралдары баланың жасына сай қойылған. Тәрбиешілер ұйымдастырылған іс-әрекет өтуде балалардың қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал ететін түрлі технологиларды қолданады. Мекемедегі жұмыс тәртібінің ұзақтығы 1 күнде 10 сағат 30 минут, аптасына 5 жұмыс күні болып есептеледі. Демалыс күндері сенбі мен жексенбі күндері. Бөбекжай бала-бақшаның басымды міндеттері – баланың әрі қарай мектепке жақсы оқуына ықпал ететін тәрбие жұмыстарын жүргізу. Балалардың денсаулығын қамқорлыққа алу, баланың дұрыс дамуын және организмін шынықтыруды, толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу мақсатында бөбекжайда күнделікті ас мәзірін санитарлық нормаға сәйкес бөбекжай медбикесі жасайды. Басшылық қадағалап отырады. Балаларды қабылдау, баланың денсаулық жағдайын тексеру жұмысын бөбекжай медбикесі жүзеге асырады.
Балаларды бөбекжай бала-бақшаға қабылдау және шығару тәртібі бойынша бөбекжай төмендегідей жұмыстар атқарады.
Тәрбиеленушілерді қабылдайтын кезде бөбекжай меңгерушісі ата-аналарды төмендегі құжаттар негізінде қабылдайды.
— қабылдауға арналған жолдама (берілгенкүнненбастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
— ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіруүшін);
— баланыңтууын куәландыратынқұжат (көшірмесі) (сәйкестендіруүшін);
— ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №469 бұйрығымен “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
— Баланың денсаулығы туралы анықтама;
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің орындары келесі жағдайларда сақталады:
— тәрбиеленуші ауырғанда;
— тәрбиеленуші медициналық, санаторий, курорттық ұйымдарда емделсе немесе сауықтырылса;
— ата-аналарының бірі еңбек демалысында болса.
Сонымен қатар, бөбекжайда жұмыс барысын реттеп отыратын келісім-шарттар түзілген:
- Ұжымдық шарт
- Басшы мен келісім шарт
- Ата-аналармен келісім шарт
Бөбекжай тәрбиешілері жоғарғы білімді тұлғалар. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елімдейтін бала қайданболсын» дегенекен. Бөбекжай тәрбиешілері қай кезеңде болсын жүректері ертеңгі елім деп соғатын ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Тәуелсізелдің жасұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Сондықтан да бұл екінің бірінің қолынан келебермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өзісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жән-тәнімен сүйеалатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс.
